22 желтоқсан: мерекелер

22 желтоқсан: мерекелер

22 желтоқсанда қандай мерекелер атап өтіледі

Бүгін – энергетиктердің кәсіби мерекесі. Бұл мейрамды энергетика саласына қатысы бар адамдардың бәрі тойлайды: Жылу электр орталығының, гидрогенерациялық компаниялардың, атом станцияларының қызметкерлері, инженерлер, монтаждаушылар, жөндеушілер, қызмет көрсетуші және көмекші қызметкерлер, мұғалімдер, студенттер, бейінді білім мекемесінің түлектері, негізінен энергия өндірісіне бейімделген елді мекендер тұрғындары.

Сонымен қатар, бүгін – Ресей хоккейінің күні. Шайбалы хоккей – Ресейде ең танымал командалық ойындардың бірі. Сонау 1946 жылы 22 желтоқсанда КСРО-ның хоккейден бірінші чемпионаты өтті. Турнир бастапқы ойындар мен финалдық жарыстан тұрды. Сегіз қалада матчтар өтіп, ал финал Мәскеуде "Динамо" стадионының мұз айдынында болған. КСРО кезінен келе жатқан бапкерлер мен ойыншылардың арқасында ресейлік хоккей командалары мықты болып саналады, дегенмен хоккей шеберлерінің басым көпшілігі 90-шы жылдардағы елдегі тұрақсыздықтың кесірінен шетелге көшіп кеткен болатын. Ресей құрамасы алғаш рет 1993 жылы 57-ші әлем чемпионатында бірінші орын алады, содан кейін ұзақ уақыт бойы бұл жетістігін қайталай алмады. 15 жылдан соң ғана Канада құрамасын жеңіп, тағы да әлем чемпионы атанған. Бір жылдан кейін ресейліктер кезекті алтынды олжалады. Қазір де Ресейдің шайбалы хоккей құрамасы – бес дүркін әлем чемпионы.

Бұдан бөлек, бүгін жылдағы ең қысқа күн әрі ең ұзақ түн болмақ.

22 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы "Қазақстан Республикасының Қарулы күштері мен қорғанысы туралы" заң қабылданды;

2000 жылы "Айгөлек" балалар журналының алғашқы саны жарық көрді;

2004 жылы Өзбекстанда Брайл әрпімен терілген Құран басып шығарылды.

2005 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Прогресс» ғарыш аппаратымен «Союз» зымырантасымалдағышы ұшырылды.

2005 жылы Новосібірде қазақ қарпімен басылған «Ұлы Абайға адалдық» кітабының ілкі данасы Семейге жеткізілді.

2008 жылы Қызылордада ТМД елдеріндегі бірегей күріш кеспесін өндіретін зауыт ашылды.

22 желтоқсанда Қазақстанда кім туған

1803 жылы күйші Бисенбі Дөненбайұлы дүниеге келді;

1859 жылы Алаш қозғалысының қайраткері Бақтыгерей Құлманов дүниеге келді;

1908 жылы Мәсімхан Бейсебаев, (1987 жылы қайтыс болған), кеңес мемлекет қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері.

1915 жылы Уақит Шәріпұлы Шәріпов, (1970 жылы қайтыс болған), кеңес кен ісі саласындағы ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор.

1954 жылы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архивінің директоры Алла Сейітова дүниеге келді.

Мәлімет Sputnik.kz сайтынан алынған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0