Аргентина 36 жылдан соң футболдан әлем чемпионы атанды

Аргентина 36 жылдан соң футболдан әлем чемпионы атанды

Қатар мемлекетінде бір айға созылған чемпионат өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Turkistan Today. Финалға Аргентина мен Франция құрамалары шыққан болатын.

Есепті Аргентина құрамасы бірінші таймның 23-минутында ашты. Голды Лионель Месси соқты. Франция қақпасына екінші голды 36-минутта Анхель ди Мария салды. 

Екінші таймдағы алғашқы голды Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе салды. Осылайша, ол 80-минутта өз командасына алғашқы голды сыйлады. Мбаппе бір минуттан соң, 81-минутта екінші гол салып, Аргентинамен есепті теңестірді: 2:2.

Экстра-таймда Лионель Месси мен Килиан Мбаппе есепті 3:3-ке жеткізді. Матчтың тағдыры пенальти арқылы шешілді, Аргентина командасы пенальтиде 4-2 есебімен алға шықты.

Мундиальдің ең керемет әсер қалдыратыны ол - Месси. Месси бұған дейін көптеген марапаттарға ие болған еді. Атап айтсақ, Испания лигасының 10 дүркін чемпионы. Испания кубогінің 6 дүркін чемпионы. Испания суперкубогінің 8 дүркін чемпионы. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Америка кубогінің 3 дүркін күміс жүлдегері. Америка кубогінің чемпионы. Бұл марапаттардың арасына Әлем чемпионатының кубогі жетіспейтін еді. Ол осы кубокты бірнеше жылдар бойы армандап келді. 35 жасқа толған шақта, бірнеше жылдар армандап, аянбай еңбек етіп, қайтпас мінезінің арқасында Әлем чемпионы атанды.

Месси: Осы жеңісімді барша Аргентина халқына арнаймын.

Фото ғаламтор желісінен алынған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0