Арыста табиғи апаттардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Арыста табиғи апаттардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде
Арыста көктемгі су тасқынын болдырмау мақсатында кешенді шаралар жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды желтоқсан-қаңтар айларында қардың көп түсуін ескере отырып, көктемгі қар еру кезінде төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту үшін тиісті тапсырмалар берген болатын, деп хабарлайды Turkistan Today.

Осыған орай, Арыс қаласына қарасты Қызылкөпір (Екпінді) елді мекенінде орналасқан Бөген өзені арнасын арнайы техника көмегімен кеңейту және тереңдету, өзен арнасын тазалау, жағаны бекіту секілді шаралар атқарылуда.
Тиісті жұмыстарды Дермене ауылдық округі әкімдігі мен «Тұран су» МКК-ны бірлесіп жасап жатыр.

Өзен бойына жақын тұратын ауылдықтар атқарылып жатқан жұмыстарға өз алғыстарын білдіруде.
Бүгінгі таңда, мамандар Сырдария, Арыс өзендері бойына белгілер қойып, судың деңгейі мен мұздың қалыптасу жағдайына күнделікті бақылау жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, құлақтандыру жүйесі дайындыққа келтірілген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0