Бәрекелді! Қазақстан Үкіметі Түркі академиясының бюджетіне қатысты құжатқа қол қойды

Бұл туралы арнайы Қаулыға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин қол қойды.

Бәрекелді! Қазақстан Үкіметі Түркі академиясының бюджетіне қатысты құжатқа қол қойды

Қазақстан Республикасының Үкіметі Халықаралык Түркі академиясына құрылтайшы мемлекеттердің бірі ретінде ұйымның бюджетіне міндетті жарна шәкілін бекітті.

Бұл туралы арнайы Қаулыға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин қол қойды деп хабарлайды twesco.org сілтеме жасаған turkistan.today порталы. 

Аталған құжатқа сәйкес, Қаулы күшіне енген сәттен бастап, Қазақстан Республикасының Үкіметі ондағы ережелердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Айта кету керек, 2020 жылы 28 қарашада «Мүше мемлекеттердің Түркі академиясының бюджетіне міндетті жарналарының шәкілі туралы» хаттама Ыстамбұл қаласында мақұлданған болатын. Халықаралық Түркі академиясына мүше мемлекеттер – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия  тараптары өзара келіскен үлестер бойынша міндетті жарналар төлейді.

Бұған кейін «Мүше мемлекеттердің Түркі академиясының бюджетіне міндетті жарналарының шәкілі туралы» хаттаманы Әзербайжан және Түркия Республикасының Президенттері бекіткен болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
2
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0