Дархан Қыдырәлі Нельсон Манделаның немересімен кездесті

Ндилека Мандела – Нобель сыйлығының лауреаты Нельсон Манделаның үлкен немересі.

Дархан Қыдырәлі Нельсон Манделаның немересімен кездесті
Дархан Қыдырәлі Нельсон Манделаның немересімен кездесті

Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі әйгілі саясаткер Нелсон Манделаның немересі Ндилека Манделамен кездесті деп жазады twesco.org сілтеме жасаған turkistan.today порталы. 

Кездесу барысында Оңтүстік Африка республикасының тұңғыш президенті, Нобель сыйлығының лауреаты Нельсон Манделаның мұрасы мен екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы сөз болды.

Дархан Қыдырәлі мәртебелі мейманға Түркі академиясы жүзеге асырып жатқан басты жобаларды таныстырды. Өз кезегінде Ндилека Мандела жылы қабылдауы мен қонақжайлығы үшін ризашылығын білдіріп, барлық бастамаларға табыс тіледі.

Айта кету керек, Ндилека Мандела – Нобель сыйлығының лауреаты Нельсон Манделаның үлкен немересі. Ол 1965 жылғы 22 ақпанда Кейптаун қаласында дүниеге келген. Филантроп, қайраткер. БҰҰ аясындағы «Мандела сияқты көшбасшылар» атты халықаралық бағдарламаның жетекшісі. Африка жастары және денсаулық мәселелерімен айналысып, Жаһандық қордың бірқатар бағдарламаларына белсенді атсалысып келеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0