Гүлшат Сүйіндік фэнтези кітабының тұсауын кесті

Гүлшат Сүйіндік фэнтези кітабының тұсауын кесті
Гүлшат Сүйіндік фэнтези кітабының тұсауын кесті

Лондонның басты құпиясы «Болашақ» бағдарламасы түлегі, «Bolashaq» Қауымдастығы мүшесінің фэнтези кітабында белгілі болды.

Гүлшат Сүйіндік @gulshatsworld өзінің «Гэп» туындысын көпшілік назарына ұсынды. Кітапта ғасырлар бойы Лондон тұрғындары үшін құпия болған, Гэп үшін саяси тартыс туралы баяндалады деп жазады bolashaq_kz сілтеме жасаған turkistan.today.

Автор «Гэп» өз жанры бойынша – қалалық және саяси фэнтезидің тоғысқан тұсы деп айтады. Brexit дағдарысының қызған тұсында жазылған кітап Ұлыбритания және оның саяси құрылымына субъективті көзқарасты көрсетеді.

«Гэп» идеясы Лондондағы алғашқы күннен бастап бірден ойға оралды. Себебі біріншіден оның сәулеті таңғажайып әрі теңдессіз. Бірінен-бірі өтетін шоғырланған, бедерсіз үйлер мені қатты таң қалдырды. Содан кейін бұл образ идеяларға, кейін құрылым мен кейіпкерлерге айналды. Әрине, сол кездегі британдықтардың басты мәселесінің бірі – to leave or stay да тарихта көрініс тапты», - дейді Гүлшат Сүйіндік (Goldsmiths, University of London, 2020).

«Гэп» кітабының Litres.ru сатып алуға болады. Жүктеу сілтемесі автордың Instagram аккаунтында қол жетімді. Басылып шығарылған нұсқасына Wildberries және Ozon.ru тапсырып беру арқылы қол жеткізуге болады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0