Қазақстанға Удай Kotak та жетпей қалды

Қазақстанға Удай Kotak та жетпей қалды

Қазақстанға Kotak компаниясы келмейтін болды, деп Turkistan Today хабарлайды Dalainside телеграм-каналына сілтеме жасап.

Үндістандық миллиардер Гаутам Аданидің компанияларында орын алған махинациялар туралы есеп жарияланғаннан кейін «Adani group» капитализациясы бір аптада 100 миллиард долларға құлдырады. Адани бір сөзбен айтқанда Қазақстанның екі Ұлттық қорына пара-пар ақшаны жеті күнде жоғалтып, «Азияның ең бай азаматы» мәртебесінен де айрылды.

Аданидің 10 корпорациясы Мумбай биржасында акцияларын арзандатып алды. Ал жүйеқұраушы Adani Enterprises, Adani Transmission және Adani Ports компанияларының акциялары 10 пайызға төмендеді.

Кеше «Adani Enterprises» акциялары 2 179,75 рупийге дейін төмендегеннен кейін Гаутам Адани инвесторларға ақшасын қайтарып беру туралы шешім қабылдады. Ол шешім қаржы тобының ахуалын тағы 20 миллиард долларға нашарлатып жіберді.

Бұған дейін Гаутам Адани Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу өткізіп, Каспий түбіне логистикалық-порттық инфрақұрылым салу туралы ойланып жүрген. Ол жобаға синдикатталған заем тартылған жағдайда тағы бір олигарх, банкир Удай Котак басқаратын «Котак Mahindra group» қарыз береді деп жоспарланды. Бірақ, инсайдерлер қазіргі жағдайда Гаутам Аданидің жаңа жобаларды тоқтатып қойғанын хабарлайды. Яғни, үнді миллиардері Қазақстан туралы жобасын ысырып қоюға мәжбүр.

Қазақстан Каспийдің транзиттік әлеуетін ТМТМ халықаралық коридоры арқылы ақырындап пайдалана бастады. Бізге әрине, инвесторлар, ірі капитал ауадай керек еді. Каспийдегі порттардың өткізу қабілеті Қытай сынды алпауыт елдер үшін баланың ойыншығы сияқты болып отыр.

Сондықтан Гаутам Адани мен Удай Котактың қазақ еліне жете алмай қалуы қуанышты емес, өкінішті нәрсе.

Фото: zeebiz.com

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0