Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) жұлдызы Коби Брайант Калифорнияда тікұшақ апатынан қаза тапты деп жазады TMZ Sports.

Даңқты спортшы 42 жаста еді. Онымен бірге 13 жастағы қызы да көз жұмды. БАҚ мәліметінше, оқиға орнынан 5 адамның денесі табылған.

TMZ хабарлағандай, ұшақ құламастан бұрын әуеде өртенген. Қазіргі таңда апаттың себебі анықталып жатыр. Брайанттың артында әйелі мен үш қызы қалды.

Коби Брайант «Лос-Анджелес Лейкерс» командасымен бірге NBA чемпионы атанды және 18 рет «Жұлдыздар кездесуінде» өнер көрсетті. Ол спортты 2016 жылы тастап, баскетбол тарихындағы аңыз адамдар тізіміне атын жазды.

Дереккөз: azattyq-ruhy.kz