Қоқан қаласының жедел жәрдем қызметі коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін деген күдікпен бір азаматты ауруханаға жеткізген. Алайда алғашқы медициналық сараптама оның ағзасынан қатерлі індеттің сипатын емес, көміртегі тотығымен улану белгілерін анықтаған.

Бұл туралы UzA агенттігіне сілтеме жасап CentralAsia хабарлады.  

Белгілі болғандай, студент тіл үйрену мақсатында Қытайға барып, 31 қаңтарда Оңтүстік Корея арқылы Өзбекстанға оралған. Келген соң, Қоқандағы жергілікті емханада тексеруден өткен. Оның ағзасынан екі апта бойы ешқандай ауру белгілері байқалмаған.

Мұны амбулаториялық картаның мәліметтері растайды, делінген ақпаратта.

Дереккөз: nege.kz