COVID-19 індеті әлемнің түкпір-түкпіріне тарап кетті. Алғаш тараған мемлекеттің бірі – Жапония. Күншығыс елінде 1,1 мың адам індетке шалдықты. Жапонияда COVID-19 індетімен күресу мақсатында өзге мемлекеттердегідей оқу орындарын жапқан болатын, бірақ жапон үкіметі мектептердің жұмысын қалпына келтіру туралы үкім шығарды. Осы орайда әлеуметтік желілерде Жапония мемлекет аумағында төтенше жағдай жариялап, неліктен карантинге жаппайды деген ақпараттар мен сұрақтар желдей есті. Turkistan.Today ақпарат агенттігі осы мәселеге қатысты Жапон елінде докторантура оқып жатқан отандасымыздан сұхбат алды. 

Токио қаласында тұратын В.Белоусов есімді азамат Жапонияның мемлекет аумағында төтенше жағдай жарияламау себебін олардың тазалыққа деген құштарлығынан деп біледі. Оның сөзінше Жапониядағы кез келген тұрғын қолын сабындап жуғға құлықты әрі бұған мемлекетте жағдай жасалған. Мәселен, азық-түлік дүкендерінде қол жуғыштар мен сабындар тұрады. Жапондар қол беріп амандасқанды я құшақтасқанды қолай көрмейді, тек басын иіп сәлем берсе, жетіп жатыр. В.Белоусовтың айтуынша, адамдарды құшақтау немесе олардың денесіне қол тигізу жапондар үшін – мәдениетсіздік. Тіпті дүкендер мен банкоматтарда немесе қоғамдық көліктің өзінде арақашықтықты сақтау мәдениеті қалыптасқан. Тек індет кезінде ғана емес, күнделікті өмірде жапондар қоғамдық орындарды тазалап отыруды әдет еткен. Және бұл тазалық шаралары арнайы графикпен ғана емес, графиксіз де жүзеге аса береді. Сондай-ақ, азық-түліктер арнайы қораптарда немесе полиэтилен қалталарда сақталады. «Жапониядағы азық-түлік сондай таза. Әрі олардың сақтау мерзімі де ұзақ емес», - дейді В.Белоусов. Оның айтуынша, Жапония тұрғындары шетелге жиі шыққанды ұната қоймайды, себебі сыртқы әлемді сондай ашулы, қауіпті әрі біртүрлі көреді екен. «Жапондықтардың тағы бір ерекше қасиеті – олар көп қозғалғанды ұнатады. Олар көп жүгіреді, белсенді ойындар ойнап, спортпен жиі шұғылданады. Жапондардың үстінен жағымсыз иіс шықпайды, себебі олар күніне бірнеше рет душ қабылдайды», - дейді ол. 

Ал кезекті сұхбаттасушымыз Жапониядағы арақашықтық ұстау мәдениеті мен қол беріп немесе құшақтасып амандаспайтындары шын дейді. Алайда жапондардан жағымсыз иіс шықпайды дегенмен келіспейді. Оның сөзінше, жапондардан да жағымсыз иіс шығады. «Көп шетелдіктердің жапондарға неліктен дезодарант қолданбайды деп ренжіп жататынын естисің», - дейді ол. Ал жапондардың күніне бірнеше рет душ қабылдауы да шындыққа жанаспайды дейді ол. Оның айтуынша, елде қоғамдық әжетханалар жақсы жасақталған, сондай-ақ азық-түлік дүкендерінде сабын мен қол жуғыштардың бары да рас дейді ол. В.Белоусов жапондар сәл тұмауратып қалса, медициналық маска тағып алатындарын айтса, бұл сұхбаттасушымыз онымен келіспейді. «Мұнда да маскасыз жүретіндер көп. Өткенде метрода маска үшін кикілжіңдер де болған», - дейді ол. Алайда сұхбаттасуышымыз  мұндағы азық-түлік сапасы және тазалығымен толықтай келісетінін жеткізді. Сондай-ақ оның сөзінше, жапондар тамаққа келгенде қомағай емес.  Жапонияда толық адамдарды өте сирек кездестіреді екенсіз. Әрі олар спортпен шұғылданып, көп қимылдағанды ұнатады. Жапонияда тазалық талаптары індетсіз-ақ сақтала беретіні карантинге жаппаудың басты себебі болар.

 

Өз тілшімізден