8 сәуірде ауруханаға түскен 1936 жылғы Павлодар қаласының тұрғыны көз жұмды, -деп хабарлайды Turkistan.Today тілшісі  Stan.kz  агенттігіне сілтеме жасап.

 

Келесі күні жасалған коронавирустық инфекция талдауы марқұмда вирустың бар болғанын көрсетті. 

"2016 жылы ер адам бронх демікпесі, созылмалы обструктивті өкпе ауруы (ХОБЛ), жүректің ишемиялық ауруы, үшінші деңгейлі артериялық гипертензия және терінің қатерлі ісігі диагнозымен тіркеуде болған", - делінген хабарламада.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 адам: Алматы қаласында - 1 адам, Ақмола облысында - 4 адам, Павлодар облысында - 2 адам, Қызылорда облысында - 8 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 2 адам тiркелді. 

Жалпы 781 науқас тіркелді.