Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ғарышкерлер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Turkistan.Today тілшісі ҚазАқпарат агенттігне сілтеме жасап

«Баршаңызды бүгінгі тамаша мереке - Ғарышкерлер күнімен құттықтаймын! Қазақстан әлемдік космонавтиканың дамуына зор үлес қосқаны сөзсіз. Байқоңыр - ғарыш кеңістігін игерген адамзат жетістігінің символы. Қазақ ғарышкерлерін мақтан тұтамыз!», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасына.