Ашхабадта өтетін ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың тізімі жарияланды. Ұлттық құрамға кірген зілтеміршілердің арасында өзінің чемпионатқа қатыспайтынын айқан Илья Ильин де бар болып шықты деп жазады Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған turkistan.today.

Анықталғандай, Илья Ильин 102 келіге дейінгі дәрежеге тіркелген. Ұлттық Олимпиада комитетінің мәлімдеуінше, спортшының әлем біріншілігіне қатысуы әлі де белгісіз болып отыр.

Дегенмен де, қазіргі таңда Ильин өзге отандық зілтеміршілермен бірге Түркіменстан астанасында екені анықталды.

Vesti.kz басылымының мәлімдеуінше, спортшы Ашхабадтағы әлем чемпионатына қатыспайды.

Бұл пікірдің туындауына бапкерлердің Ильинді Александр Зайчиковтың салмағына жазып қойғаны түрткі болған.

Араға бір жыл салып әлем біріншілігіне қайта оралған Қазақстан құрамасына мына спортшылар кірген:

Ерлер

- Арли Чонтей (55 келіге дейін);

- Фархад Харки (67 келіге дейін);

- Нижат Рақымов (73 келіге дейін);

- Айдар Казов (81 келіге дейін);

- Денис Уланов (89 келіге дейін);

- Рүстем Сыбай (96 келіге дейін);

- Илья Ильин, Александр Зайчиков (102 келіге дейін);

- Ибрагим Берсанов (109 келіге дейін);

- Ердос Сайлау (109 келіден жоғары)

Әйелдер

- Зульфия Чиншанло (55 келіге дейін);

- Сәуле Сәдуақасова (59 келіге дейін);

- Әсем Садықова (64 келіге дейін);

- Карина Горичева (64 келіге дейін);

- Екатерина Столяренко (71 келіге дейін);

- Надежда Лихачева (71 келіге дейін);

- Екатерина Быкова (76 келіге дейін);

- Раушан Мешітханова (81 келіге дейін);

- Айзада Муптілда, Александра Аборнева (87 келіден жоғары)

Айта кетейік, бұған дейін Илья Ильин аса ауыр омыртқа жарақаты салдарынан әлем чемпионатына қатысудан бас тартқанын хабарлаған болатынбыз. Отандық зілтемірші өзінің мансабына қауіп төніп тұрғанын жеткізген.