Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы америкалық қарсыласы Вон Александерды жеңді деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған turkistan.today.

Олар Эль-Пасо (АҚШ, Техас шататы) қаласында өткен мексикалық Мигель Берчельт пен Мигель Роман арасындағы басты бокс кешінің андеркартында шаршы алаңға шыққан.

Әлімханұлы мен Александердың жекпе-жегі белгіленген сегіз раундқа созылған. Нәтижесінде отандасымыз төрешілердің шешемі бойынша 79-73, 78-74, 75-77 есебімен жеңіске жеткен.

Айта кетейік бұл кәсіби бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізген 25 жастағы Жәнібек Әлімханұлының ең ұзаққа созылған жекпе-жегі болды.

Ал түрмедегі жазасына байланысты мансабында 12 жыл үзіліс болған Александердің бұл екінші жеңілісі. Боксшы шаршы алаңда 12 рет жеңіске жеткен.