Азамат Сатыбалды әкесі мен анасының гауһар тойын Құлан кентінде дүркіретіп атап өтті. Сатыбалды қария мен Орынгүл әжейдің шаңырақ көтергеніне 65 жыл болған деп хабарлайды turkistan.today

Актердің өзі бұл қуанышы жайлы желідегі парақшасына ешқандай мәлімет жарияламаған.

Алайда Азамат Сатыбалдының қуанышына жиналған көпшілік бұл сәтті қалт жібермей, видеоға түсіріп алған.

Айта кетейік, актер көпбалалы отбасының кенжесі болып, дүниеге келген. Азамат - Сатыбалды қарияның тоғызыншы перзенті.

Сондай-ақ актердің жары да өнер әлемінен алыс емес. Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалинаның бүгінде бір ұлы бар.