Бүгін Қазақстанның атын мәнерлеп сырғанаудан әлемге танытқан марқұм Денис Теннің туған күні. Даңықты спортшы тірі болғанда 27 жасқа толар еді,- деп хабарлайды Turkistan.Today тілшісі KAZ.NUR.KZ.  сайтын сілтеме жасап

21 жасында мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері атанған Денис Тен 1993 жылы 13 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Денис Корей империясы кезінде даңқты қолбасшысы болған генерал Мин Гынхоның ұрпағы. Ол мәнерлеп сырғанаудан бөлек, теннис, акробатика, таеквондо, каратэ, жүзу сынды спорт түрлерімен айналысқан. Би және сурет салу мектебіне барған. Музыка мектебінде 5 сыныпты тәмамдап, хорға қатысқан.  2002 жылы Денис Тен қатысқан хор ұжымы Пусандағы Хор Олимпиадасында күміс жүлде иеленген. Кейіннен спортшы мәнерлеп сырғанаумен айналысуға біржола ден қойған.  2003 жылы "Хрустальный конек" турнирінде Денисті Елена Буянова (Водорезова) байқап, Мәскеуге өзінің қол астында жаттығуға шақырады. 2010 жылы ол Лос-Анджелес қаласына жаңа бапкері Фрэнк Кэрроллмен жұмыс істеу үшін аттанады. Ал спорттағы мансабына келер болсақ, Денис ересек спортшылармен жарысып, небары 12 жасында яғни 2006 жылғы Қазақстан чемпионатын жеңіп алады. Бірақ халықаралық деңгейде келесі жылдан бастап көріне бастайды. Оған Халықаралық конькимен сырғанаушылар Одағының жас шектеулері (13 жас) себеп болған. 

373053ed62490b689e2d06e6b1b1beb1_XL.jpg

2010 жылы Нидерландағы жасөспірімдер арасындағы Гран-приде 10-шы орын алады. 2013 жылы Денис Лонданда өткен әлем чемпионатында өзінің жеке рекордын ( 266,48 балл) орнатып, күміс жүлдергер атанды. Денистің бұл жеңесі-Қазақстан тарихына енді. Себебі осы уақытқа дейін ешбір мәнерлеп сырғанаушы әлем чемпионатынад мұндай жетісікке жетпеген еді. Денистің ел есінде қалған тағы бір тарихи жеңісі- қысқы олимпиада ойындарының қола жүлдегері атануы еді.  2014 жылы Сочиде өткен қысқы олимпиада ойындарында Қазақстан қоржына жалғыз медальді салған Денис Тен болатын. Сонымен қатар Денис Тен VІІ қысқы Азия ойындарынының және Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 25 жасына дейін талай белесті бағындырған Денис, көзі тірі болғанда әлі талай жеңістерімен қазақ елін қуантар ма еді, кім білсін?