Әлеуметтік желіде қазақстандық банктің жалған парақшасы пайда болды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Stopfake порталының редакциясына Facebook-тегі парақшаны тексеруді сұраған оқырман жүгінген.
Басылым мәліметінше, бұл – фейк парақша.
«Бұл алаяқтардың ісі! Сақ болыңыздар және шоттар бойынша ақпарат бермеулеріңізді сұраймыз», – деді банк өкілдері.
Сондай-ақ, аккаунттың жалған екенін парақшаны верификациялайтын арнайы белгілердің болмауынан және мекеменің акциялары мен жұмысы туралы тиісті ақпараттың жоқтығынан байқауға болады. Мұның бәрі Halyk Bank-тің ресми аккаунтында жарияланған.
Дербес деректерді немесе төлем карталары туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға ешбір жағдайда хабарлауға болмайды. Құпия сөз бен шоттарға кіру кодтарын банк қызметкерлеріне де айтуға болмайды.
Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.