Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ол әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

«Осы жылды ең керемет ер адамның жары мәртебесінде аяқтаймын. 24:26», – деп жазған ол Instagram-дағы парақшасында.

Сабина Алтынбекова Қазақстанда ғана емес, Азияда да танымал волейболшылардың бірі. Оның Instagram-аккаунтына миллионнан аса адам жазылған.

Еске салайық, қазанда Қуат «Найман» Хамитов Еуразия бірінші арнасындағы «Қызық Live» шоуына қатысып, Сабина Алтынбековаға үйленгісі келетінін айтқан болатын. Оған танымал волейболшы әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берген еді.