Қырық жылдан аса жоғарғы оқу орнында студенттерге Жантанудан (психологиядан) жалпы психология, жас ерекшелік психологиясы, оқыту психологиясы, тәрбие психологиясы, ұстаз психологиясы, нейропсихология, отбасы психологиясы түрлерінен дәріс беріп, мыңдаған шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз Өмірзақ ақсақалдың шаңырағында болдым.     Қарасу ауылының төбе биі, партия ардагері жастарға жөн сілтеу, ақыл-кеңесін айтумен қатар, партиямыздың алдағы бес жылға жоспарланған бағдарламасын елге түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.  Кездесу барысында қазыналы қариямыз саналы ұрпақ тәрбиесіне қатысты өз ойларымен бөлісті.    
  Ардагерлерге, зейнеткерлерге қамқорлық жасау – біздің ортақ міндетіміз. Оларға қолдау көрсету ұдайы партия назарында.