Болгарияның София қаласында бокстан «Странджа» халықаралық турнирі аяқталды. Өкінішке қарай, финалға жолдама алған бес қазақстандық боксшы күміс медальмен шектелді деп хабарлайды Olympic.kz. 

49 келідегі Теміртас Жүсіпов үндістандық Амиттен 0:5 есебімен ұтылды. 

60 келідегі Зәкір Сафиуллин Ресей боксшысы Артур Сухбанкуловқа есе жіберді. Ресейлік боксшы 4:1 есебімен жеңіске жеткен. 

64 келідегі Санатәлі Толтаев пен ресейлік Алексей Мазурь арасындағы тартысты жекпе-жек 3:2 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді. 

69 келідегі Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда алған жарақатына байланысты ақтық сынға шыққан жоқ. Осылайша, автоматты түрде күміс медаль иеленді. 

91 келідегі Василий Левит ресейлік Садам Магомедовке 1:4 есебімен жол берді. 

Осылайша, Қазақстан командасы Болгариядағы турнирге негізгі құраммен қатысып, бес күміс олжалап отыр.