Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде займ беруге 2 052 өтініш мақұлданды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Биыл 30 қыркүйектегі жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасы аясында қарыз алуға 36,6 млрд теңге сомасына 3 089 өтініш қабылданды. Оның ішінде 24,5 млрд теңге көлемінде қарыз беруге 2 052 өтініш мақұлданды»,-деді реттеуші банк баспасөз қызметі.  Айта кетерлігі, «7-20-25» бағдарламасы Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 наурыздағы халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінде айтылған бірінші әлеуметтік бастаманы іске асыру аясында әзірленді.

https://www.inform.kz/kz/7-20-25-bagdarlamasy-boyynsha-kansha-otinish-makuldandy_a3406573