Алпауыт елдердің Қазақстандағы өкілетті елшілері барша қазақ жұртын Елорда күнімен құттықтап, аржарма тілектерін арнады. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Үндістан, Украина, Ресей елшілері бар. Қазақ радиосы эфирі арқылы мерекемен құттықтап, бас қаламыздың еңсесі биік, болашағы жарқын болуын тіледі. Бұл туралы "Қазақ радиолары" ЖШС өкіліне сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі хабарлайды. 

Уильям Мозер - АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі :

Құрметті қазақстандықтар! Америка Құрама Штаттарының  дипломатиялық өкілдігі атынан бас қаланың төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде  қуатты, тұрақты елге айналып, өсіп-өркендеп келеді. Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен көптеген салаларда сенімді серіктес екенін мақтан тұтады. Осы аймақта және жалпы әлемде бейбітшілікті, өзара түсіністік пен қауіпсіздікті нығайта түсуде Қазақстанның рөлі зор. Мен Нұр-Сұлтан қаласын және оның жүрегі кең, арманы асқақ, рухы биік адамдарын жоғары бағалаймын. Қазақстанның барлық азаматтарына дәл қазір және кемел келешекте  тек бейбітшілік, зор денсаулық пен мол игілік тілеймін! Нұр-Сұлтан қаласы сәулетті және заманауи, бейбітшілік пен инновация орталығы бола беруіне  тілектеспін! Мереке ел мерейін асырсын!


Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас елшісі Чжан Сяодың құттықтауы:

Құрметті қазақстандықтар, бүгін Қазақстан Республикасынң тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және Нұр-Сұлтан қаласының туған күні. Бүгін Қытай Халық Республикасының Төрағасы  Ши Жин Пин айнымас досы Нұрсұлтан Әбішұлына құттықтау жедел хатын жолдап отыр. Елбасы Қазақстан халқының ыстық ықыласына бөленуге лайықты салиқалы саясат жүргізді. Қазақстанның әлем елдері алдындағы абырой-беделін көтерді. Қазіргі таңда әрбір қазақстандық өз болашақтарына нық сеніммен қарайды. Мен Қытай Халық Респубикасының Қазастандағы Бас елішісі ретінде екі елдің ықпалдастығын арттыратын жаңа бастамаларға куә болғанымды мақтан тұтамын. Қазақстан Халқын Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!!


Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумардың құттықтауы:

«Астанамыз Нұр-Сұлтан қаласының 21 жылдығы құтты болсын! 21 жыл ішінде Нұр-Сұлтан әлемнің кез келген керемет деген қаласымен таласа алатын көз сүйсінерлік сұлу қалаға айналды. Бұл Қазақстан халқының көреген елбасшылығының жетістігі. Нұр-Сұлтан қаласы үздіксіз даму үстінде. Қазақ халқының онсыз да жайлы тіршілігін одан әрі де жақсарта түскен, көпшілікті қызықтыра түскен инфрақұрылымдар күн сайын пайда болуда. Үндістан елшілігі Нұр-Сұлтан қаласын төл мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Бас қалада бізге жасалған осындай жайлылық, көз тартар әсемдікүшін зор алғысын білдіреді. Көп рақмет!»


Фото: https://www.youtube.com/watch?v=wF5CPzscLsQ