Түлкібас ауданында Тұңғыш Президент саябағындағы "Жастар аллеясының" ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 

Бұл бастама ағымдағы жылдың ақпан айында жастар жылына орай аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен өткен "Жастар жалыны" атты форумда ауданның белсенді жастары тарапынан ұсыныс ретінде айтылған болатын.

Бүгінгі таңда өңір жастарының көтерген мәселесі назардан тыс қалмай, аудан әкімі Н.Тұрашбековтың бастамасымен іске асып отыр. "Тұңғыш Президент" саябағында бүгінгі күнде "Жастар аллеясының" құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, салтанатты шара барысында келген қонақтар отау құрған жас отбасыларға неке куәліктерін тапсыру рәсімінің куәсі болып, аллея аумағына ағаш көшеттерін отырғызды.