Балалар арасында өтіп жатқан Евровидение байқауына қатысып жатқан отандасымыз Ержан Максимге қолдау көрсетіп, дауыс беру басталды.

Байқау барысында дауысыңызды 2 рет беруге мүмкіндік бар:
1-дауыс беру бүгін түнгі сағат 01:00-ден бастап https://vote.junioreurovision.tv сайтында 24 қараша күні сағат 21:00-ге дейін жалғасады.

2-дауыс беру барлық қатысушылар өнер көрсеткен соң 15 минутқа қайта ашылады. Осы кезде дауыс беріп үлгеру керек.

Дауыс беру барысында қатысушылардың әндерінен жинақталған қысқа видеоны көру және Ержан мен тағы 2 өнерпазды таңдау шарт.
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
Ал байқаудың тікелей көрсетілімін осы жексенбі, 24 қараша күні, сағат 21:00-де «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар.