8 желтоқсан Стамбұлда полиция әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылыққа наразылық танытқан белсенді шерушілерді күштеп тоқтатты.

Құқық қорғау органдарының зорлыққа қарсы шыққан белсенді әйелдерді ұстап жатқаны туралы бейнежазбалар Kampüs Cadıları және Kadın Meclisleri сынды түріктің құқық қорғау органдарының Twitter парақшаларында жарияланды.

Kadın Meclisleri таратқан ақпарға сәйкес, полиция көз жасаурататын газ да қолданған. Тұтқындалғандардың қатарында «Біз әйелдердің өлімін тоқтатамыз» түрік ұйымының лидері Фидан Атаселим бар.

Стамбұлда әйелдерге жасалатын зорлыққа қарсы шыққан белсенділер жыныстық зорлыққа қарсы биді бірге орындау үшін шыққан. Оған дейін бұл биді Чилидегі  Las Tesis атты феминистер тобы орындаған еді.

Кейіннен бұл биді Берлин, Мадрид, Гамбург, Амстердам, Париж, Лондон мен Мехико қалаларындағы белсенді әйелдер биледі.