Ұлттық кеңестің екінші отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрлігіне өлім жазасын алып тастау туралы халықаралық құжатқа қосылу жұмысын бастауда тапсырды.

«Сыртқы істер министрлігіне азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактінің Екінші Факультативті хаттамасына қосылу жұмысын бастау тапсырылады», - деді мемлекет басшысы.

Өлім жазасын алып тастау туралы Халықаралық пактінің Екінші Факультатвиті хаттамасына қол қою және оны қабылдау БҰҰ Бас Ассамблеясының 1989 жылғы 15 желтоқсандағы 82-ші жалпы отырысында қабылданды.

Хаттаманың бірінші бабы мынадай:

  • Аталған хаттамаға қатысушы мемлекеттің бірде бір тұлғасы өлім жазасына кесілмейді.
  • Әрбір қатысушы-мемлекет өзінің әкімшілігі аясында өлім жазасын алып тастау үшін бар іс-шараны қолданады.

Атап өтерлігі саясаттанушы Айдос Сарым 6 қыркүйекте Ұлттық кеңестің бірінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа өлім жазасын алып тастауды ұсынған еді.