Шымкенттегі марафонға Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанның желаяқтары қатысты. Жарыс жолына 4 мың адам шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстаннан қатысушылар арасында еліміздің барлық облысынан келгендер болды. Сөре Д.Қонаев даңғылындағы «Royal» фитнес клубы қасында белгіленді. Барлық қашықтықтың желаяқтары бір уақытта жарыс жолына шықты. Бәйдібек би даңғылындағы Наурыз алаңында марафон аяқталды. Күннің салқын болғанына (+7 градус) қарамастан жарысқа балалар да, қариялар да қатысты.

https://www.inform.kz/kz/shymkenttegi-marafonga-ush-eldin-zhelayaktary-katysty_a3421765