Нұр-Сұлтанда «Тіл тазалығы» атты семинар-тренинг өтті

Нұр-Сұлтанда «Тіл тазалығы» атты семинар-тренинг өтті

Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастырумен өткен бұл шара Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына бағытталған.

Іс-шараны өткізудегі мақсат: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және қадір-қасиетін арттыру; қоғаммен байланыс жасайтын мамандық иелеріне кәсіби бағыт-бағдар беру; болашақ журналистерге (студенттерге) тәжірибелі мамандардың кеңесін тегін алуға мүмкіндік жасап, біліктілігін арттыру және теориялық білімді практикамен ұштастыру.

Семинар-тренингте «СММ негіздері мен ерекшеліктері», «Интернет ақпараттық соғыс алаңы ретінде»  және «Таза баспасөз тілі» тақырыптары талқыланды. Ақпараттық технологияның дамыған сайын оны тұтынатын жандардың да талғамы артатыны сөзсіз. Іс-шараның негізгі өзегі де осы хақында болды.

Ескерту:

Қатысушылар карантин талаптарына сәйкес офлайн шарада бас қосты. Сондай-ақ іс-шара онлайн форматта, яғни ZOOM платформасында да ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат қатысушылар мен медиа-тренерлердің денсаулығына қауіп төндірмей, карантин режимін сақтау. Қатысушылардан вакцина төлқұжатымен, «Ашық» жүйесі арқылы кірген.

Айта кетейк, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен 5 қыркүйектен Қазақстан халқы тілдері күніне орай ХХІІІ қалалық Тіл фестивалі басталған болатын. Және бұл фестиваль 28  қыркүйекке дейін жалғасады. Фестиваль аясында бірнеше іс-шара жоспарланған. Бұған қатысты ақпараттар әкімдіктің ресми сайтында, әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланып тұрады.

БАҒДАРЛАМА

 

10:30-11:00

 

Қатысушыны тіркеу

 

 

11:00-12:30

«СММ негіздері мен ерекшеліктері»

медиа-тренер

Мерей Ермұқан

12:30-13:30

Түскі үзіліс

 

13:30-15:00

«Таза баспасөз тілі»

«Ақпарат саласының үздігі», журналист,

медиа-тренер

Базаркүл Үмбетова

15:00-15:30

Кофе-брейк

 

15:30-17:00

«Интернет ақпараттық соғыс алаңы ретінде»

ІТ маманы, блогер

Аршат Ораз

17:00-17:30

Қатысушыларға сертификат табыстау

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0