Түркістан: Арыста 200-ге жуық үйге газ беріле бастады

 Түркістан: Арыста 200-ге жуық үйге газ беріле бастады
Бүгін шаһардағы «Алатау» тұрғын алабындағы үйлерге табиғи газ берілді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Арыс қаласын үш кезеңмен толық газдандыру жоспарланған. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова тұрғындардың қуанышына ортақтасты.
Бүгінгі таңда Арыс қаласын табиғи газға қосу үшін Ордабасы ауданындағы №19 «Темірлан» АГТС-нан Арыс қаласына дейін 41,2 шақырым газ құбыры тартылды.

Сондай-ақ, қаланы табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 15,6 шақырым жеткізгіш газ құбыры жүргізіліп, 6 дана газды реттеу пункті (ГРП) орнатылып, қысымдау жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындар қуаныштарымен бөлісті. Солардың бірі – Досан Жиенбай қария: «Үйге газ кіріп, қуанып жатырмыз. Енді газ мамандары үй жылытатын пешімізді газға жалғап береміз деп жатыр. Мұндай қуаныш өзге де жерлесімізге жұғысты болсын. Құжаттарды рәсімдеуді тездетіп, барлық арыстықтар газдың игілігін көре берсін», – дейді.

Айта кетейік, «Алатау» тұрғын алабында газға қосылуы тиіс 185 тұрғын үй тіркелген. Қазіргі кезде аталған аумақтағы үйлердің құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін әрбір үй иесі талапқа сай сақтық шараларын қамтамасыз ете отырып, газ кіргізумен айналысатын компаниямен келісімшарт түзуі тиіс.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0