Түркістан қаласында бір жылда 200 мыңдай көшет отырғызылды

Түркістан қаласында бір жылда 200 мыңдай көшет отырғызылды
Түркістанды жасыл қалаға айналдыру және ағаштарды көбейту,оларды күтіп-баптау жұмыстары бойынша 2022 жылдың қорытындысына сәйкес, қала аумағында көктем айларында 50 мың, күз айларында 150 мың түп жеміс және сәндік ағаштар егілді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Олардың қатарында, шие, өрік, алма, қылқан, қарағай, арша, сәндік ағаштар, айлант, ива, платан, қарағаш түрлері бар. Сонымен қатар шаһар аумағында 225 гектарда 30 саябақ, 14 гектарда 15 гүлзар мен аллеялар, 130 гектарға жуық аумақта 9 алаң бар. Одан бөлек, қала көшелері мен саябақтарына 200 мың түп бір жылдық және көп жылдық гүл егілді.

380 га аумақта ағаштарды дәрілеу және тыңайтқыштармен қоректендіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған жұмыстарды «Жасыл Түркістан» КММ-нің 250 көгалдандырушы қызметкері және мердігерлер тарапынан 2200 жұмысшы атқарып келеді.

Тазалау, суғару, қоқыс шығару, жасыл желектерді күтуге арналған, қардан тазартуға, сыпыру мен жолақтарды жууға арналған және өзге де жұмыстарды жүргізетін 450 үлкен-кіші техника бар.
248 нысанда күнделікті санитарлық тазалық жұмыстары атқарылып жатыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0