Түркістан облысының оқушылары робот құрастырудан бірінші орынға ие болды

Түркістан облысының оқушылары робот құрастырудан бірінші орынға ие болды
Алматы облысы, Қаскелең қаласындағы Сүлеймен Демирел университетінде республикалық робот фестивалі өтті, деп хабарлайды Turkistan Today.

Білімділер сайысында Түркістан облысы, Төлеби ауданының мамандандырылған "Дарын" мектеп-интернатының оқушыларынан құралған "TeenLights" командасы Robot Design бағыты бойынша жүлделі бірінші орынға ие болды.

Дарынды оқушылар Астана қаласында өтетін "First Kazakhstan - 2023" робот құрастырушылар сайысына жолдама алды. Мұнда жеңіске жеткендер Қазақстан ұлттық құрамасына қабылданып, халықаралық сындарға қатысады.

Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларынан құралған "Teen Lights" командасын сайысқа білікті жетекші Сәкен Далмырзаев бастап барды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0