Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясында маңызды мәселелер қаралды

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясында маңызды мәселелер қаралды
2023 жылғы 17 қаңтарда Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясы өтті, деп хабарлайды Turkistan Today.

Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырмасыншы сессиясының жұмысына облыс әкімінің міндетін атқарушы А.Жетпісбай, облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Қ.Балабиев жүргізді.

Күн тәртібінде 8 мәселе қаралды. Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы; Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы; Түркістан облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы; Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы; Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы № 2/15-VII «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және өзге де мәселелер қаралып, даусықа салынды. Жалпы, сессия жұмысында мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады. Облыс әкімінің міндетін атқарушы А.Жетпісбай сессия жұмысын қорытындылай отырып, мәслихат жұмысына табыс тіледі.

Осы күні «Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының бірлескен отырысы өтті. Аталған жиынға Түркістан облысы әкімінің міндетін атқарушы А.Жетпісбай, Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Мұқашев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары қатысты.

Бірлескен отырыстың күн тәртібіне Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі енгізілді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Мұқашев, облыс әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов және Түркістан облыстық мәслихатының аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Н.Әбішов баяндама жасады.

Баяндамашылар өңірде Президенттің сайлауалды бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті.
Жиын соңында Т.Мұқашев «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан белсенді депутаттық қызметі және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар облыстық мәслихат депутаттарын «Құрметті депутат» төсбелгісімен және Грамотамен марапаттады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0