Жетісайда көшелерді қардан тазалау жұмыстары қарқынды

Жетісайда көшелерді қардан тазалау жұмыстары қарқынды
2023 жылдың 9 қаңтарынан бастап Жетісай ауданында қар тоқтаусыз жауды. Осыған байланысты Жетісай қаласы мен аудан аумағын қалың қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аталмыш жұмыстарға 15-ке тарта түрлі техника мен 130 адам жұмылдырылған, деп хабарлайды Turkistan Today.

Табиғи жағдайға байланысты жол-көлік апаттарының және түрлі дене жарақаттарының алдын алу, мұз қатуын болдырмау мақсатында көшелерге 40 тонна тұз аралас құм төселіп жатыр.

Жергілікті әкімдік қала, кент және ауылдық округ тұрғындарын, кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекеме қызметкерлерін өз аулаларын қардан тазартуға атсалысуға және сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0