Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

«PGR Holding» ЖШС - тің «http://turkistan.today/» сайтында   партиялық тізімдер бойынша, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға, сондай-ақ партиялық тізімдер бойынша Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға, 2023 жылғы «19» наурызға тағайындалған сайлауға қатысатын бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша, интернет алаңдарын ұсынудың жалпы шарттары.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы Конституциялық заңына сәйкес, «барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 105 Жарлығы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қаңтардағы №18\669 қаулысы негізінде «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы PGR Holding» ЖШС  - сайт иесі                       «http://turkistan.today/» (бұдан әрі-Сайт), тіркелген кандидаттарға ақпарат береді:

  • Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізімдер бойынша, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға партиялық тізімдер бойынша, 2023 жылғы «19» наурызға тағайындалған бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдер бойынша, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдер бойынша, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайлау алдындағы үгіті кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады, осылайша, Сайтта үгіт материалдарын орналастыру 2023 жылғы 18 ақпандағы сағат 18.00-ден 2023 жылғы 18 наурыздағы сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Сайт Интернет алаңын жазбаша өтініш пен Сайт иесі мен кандидат немесе саяси партияның сенімді адамы (кандидаттың уәкілетті тұлғасы) арасында жасалатын шарт негізінде ұсынады. Үгіт материалдарының саны мен орналастыру кезеңі саяси партияның сенім білдірілген адамының жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шартта тіркеледі.

              Өтініш кезектілік тәртібімен өтініштерді тіркеу журналында әрбір жазбаша өтінішке өтініштің реттік нөмірі мен келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі.      

               Шарт жасасу үшін партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияның сенім білдірілген адамы мынадай ақпаратты көрсете отырып және ұсына отырып, жазбаша өтініш береді:

                             1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

   2) Кандидаттың сенім білдірілген тұлғасының өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (оның ішінде уәкілетті орган берген куәлік);

   3) Өтініш берген саяси партияның сенім білдірілген тұлғасының жеке куәлігінің көшірмесі.

Кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің түсу тәртібімен не егер өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді.

 Үгіт материалдары сайтқа орналастырылған күнге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

            Үгіт материалдарында қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпарат және ақпарат берген тұлғаның тегі болуға тиіс.

            Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Сайттың меншік иесі, егер оларда конституциялық құрылысты күштеп өзгерту идеялары болса, үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды қоздыру, заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдар құру, сондай-ақ оларда басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруге қабілетті ақпарат болған жағдайда. Кандидат не сенім білдірілген тұлға Сайт иесінің талабы бойынша материалдардағы жоғарыда көрсетілген сипаттағы ақпаратты растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Интернет алаңдарды беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

                

Сайтта үгіт материалдарын орналастыру құны:

Қызметтің атауы

Позиция

Құны (ҚҚС есептемегенде), теңгемен

1

Баннерлік жарнама (тәулігіне 1)       

Басты бет

120 000   

Жарнамалық материалдарды жариялау

Материал түрі жарнамалық  немесе PR

   Құны (ҚҚС есептемегенде), теңгемен

Ескерту

1

Ақпараттық материал 

 300 000

Тапсырыс берушімен қосымша келісіледі

 

Сайтта үгіт материалдарын орналастырғаны үшін жасалған шарт бойынша төлем шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сайт меншік иесі Төлеген шот негізінде жүзеге асырылады.

  

  

 

«PGR Holding» ЖШС                                            

Директоры                                                                                        Н.А. Жиеналиева                             

 

Фото: gov.kz

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0