Түркістан мен Самарканд арасындағы бауырластық тамырын жая түсті

Түркістан мен Самарканд арасындағы бауырластық тамырын жая түсті

Түркістан мен Самарқанд қалалары арасындағы ынтымақтастық байланыс артады. Түркістан қаласынан арнайы аттанған делегация Самарқанд қаласының әкімі Фазлиддин Умаровпен, сондай-ақ жергілікті туризм, кәсіпкерлік және экономика салаларының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Turkistan Today.

Басқосуда келісім мен ынтымақтастық шарттарын жүзеге асыру үшін атқарылатын жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар, келісім негізінде түркістандық қолөнершілер Самарқандқа барып, сан ғасырлық тарихы бар қолөнердің жауһарларын зерттеу жұмыстарына қатысады. 

Айта кетейік, 2022 жылы 20-21 желтоқсанда Ташкентте өткен Қазақстан мен Өзбекстан бизнес-форумы аясында Самарқанд қаласы мен Түркістан қаласы арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0