Түркістан: Арыста парктер мен скверлер қардан тазалануда

Түркістан: Арыста парктер мен скверлер қардан тазалануда
Арыс қаласында қардың қалың жаууына байланысты қаланың барлық коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды Turkistan Today.

Бүгінде қар тазалау жұмысына 5 арнайы техника мен 40-қа жуық жұмысшы жұмылдырылды.

Толассыз жауған ақ ұлпа қала тұрғындары мен көлік қозғалысына кедергі келтірмес үшін коммуналдық шаруашылық саласының мамандары қар тазалау жұмысын іркіліссіз атқаруда. Осылайша, бірінші кезекте орталық көшелер, жаяу жүргіншілер жолы мен аялдамалардың маңы тазаланды.

Бұдан бөлек, орталық көшелерге көктайғақтың алдын алу үшін құм-тұз қоспасын себу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда мамандар парктер мен скверлерді, аллеялар мен қоғамдық орындарды тазалауда.

Қала әкімдігі ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындарын жол ережелерін қатаң сақтап, мұқият болуға шақырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0