Серіктестер

Ақтөбеде тұрғынның банк шоттарын қайта ашуға құқықтық көмек көрсетілді

Түркістан Бүгін, 17:13

Ақтөбе қаласында «Әділет» партиясының «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері қаралып, бірқатар құқықтық мәселе бойынша заңгерлік көмек көрсетілді.

Қабылдауға қала тұрғыны Азамат Айтқалиев жүгініп, банк шоттарына қойылған шектеуге байланысты көмек сұраған.

Оның айтуынша, ол бұған дейін танысына берген 30 млн теңгені өндіріп алу үшін сотқа жүгінген. 2022 жылы сот оның пайдасына шешім шығарғанымен, қаражат әлі қайтарылмаған.

Кейін Азамат Айтқалиевтің өзінің банк шоттарына да шектеу қойылған. Қоғамдық қабылдау барысында заң консультанты Әміржан Кушаевтың көмегімен шоттарды қайта ашу мәселесі шешілген.

Қазір тұрғын 2022 жылғы сот шешімі бойынша өзіне тиесілі 30 млн теңгені өндіріп алу жолдарын қарастырып жатыр.

Қабылдауға І топтағы мүгедектігі бар Ақтөбе тұрғыны Иван Смайликов та келген. Ол бұған дейін қоғамдық қабылдауға жүгініп, үйіне ауыз су желісін тарту мәселесі шешілгенін айтқан. Енді тұрғын баспанасына газ жүргізуге қатысты көмек сұрап отыр.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, «Құқықтық көмек» жобасы аясындағы қоғамдық қабылдаулар Ақтөбе облысының Байғанин, Ойыл, Темір және Қобда аудандарында, сондай-ақ шалғай ауылдарда жалғасады.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.