29–30 тамыз күндері Астанада Түркістан облысының «Creative Aimaq» өңірлік креатив жәрмеңкесі өтеді. Іс-шарада өңірдің тарихи-мәдени мұрасы, ұлттық қолөнері және креативті индустриядағы әлеуеті таныстырылады, деп хабарлайды Türkistan.today.
Жәрмеңкеге Түркістан облысынан 30-ға жуық қолөнер шебері қатысып, ұлттық нақыштағы бұйымдарын ұсынады. Сондай-ақ 12 суретшінің 100-ден астам туындысы көпшілік назарына ұсынылады.
Шара барысында дизайнер Айжан Абдубаитованың ұлттық нақыш пен заманауи сәнді үйлестірген топтамасы көрсетіледі.
Бағдарламада қолөнер көрмесі, өнімдер жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, интерактивті алаңдар, сән көрсетілімі және шығармашылық кездесулер ұйымдастырылады. Сонымен қатар жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға арналған таныстырылымдар, стартаптар мен инновациялық жобалар көрмесі өтеді.
Екі күндік іс-шара өңір өнерпаздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламамен аяқталады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңке отандық өнімдерді насихаттап, жергілікті брендтердің танымалдылығын арттыруға және шығармашылық кәсіпкерлер арасында жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Түркістан облысының туристік және инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.