PrimeMinister.kz сайтының редакциясы Қазақстанның 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланым топтамасын жалғастыруда,- деп хабарлайды turkistan.today
Қазақстанның ұлттық электр желісін дамыту
Бүгінгі таңда Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы қолда бар қуат көлемі 20,4 ГВт-ты, жұмыс қуаты 15,4 ГВт-ты құрады. Ағымдағы жылыту маусымында тұтынудың ең жоғары деңгейі 16,6 ГВт-қа жетті, ал ең жоғарғы мөлшерлі генерация – 15,1 ГВт.
Қазақстанда 222 электр станциясы жұмыс істейді (КЭС – 6 бірлік, ЖЭО – 41 бірлік, ГТЭС – 14 бірлік, ГПЭС – 7 бірлік, СЭС – 6 бірлік, ЖЭК – 148 бірлік). Оның ішінде 148 ЖЭК нысанның (шағын СЭС – 51 бірлік, ЖЭС – 54 бірлік, КЭС – 42 бірлік, БЭҚ – 1 бірлік) жалпы қуаты 2,9 ГВт.
2024 жылы Энергетика министрлігінің «Жылу-электр энергетикасын дамыту» бюджеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 14 жобаны (6 жылумен жабдықтау, 8 электрмен жабдықтау) іске асыруға 58,3 млрд теңге бөлінді. Жобалардың бірі, Орал қаласының «Ақжайық» ЕТЖҚ ауданындағы 110/10 кВ қосалқы стансасы пайдалануға берілді.
Сонымен қатар қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті 32 млрд теңгеден 428 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін негізгі жабдықты жаңғырту, кеңейту және реконструкциялау жөніндегі жобалар пулын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта жалпы қуаты 2,8 ГВт болатын 22 инвестициялық келісім бар, оның ішінде лимит ұлғайғаннан кейін жалпы қуаты 1,36 ГВт болатын 13 келісім жасалды.
Жылу генерациясы
Биыл Екібастұз 1-ГРЭС-те қуаты 500 МВт жаңа генерацияланатын бірінші энергоблок желіге қосылды, жыл соңына дейін Атырау ЖЭО-да тағы 65 МВт, сондай-ақ 2025 жылы Топар ГРЭС-те 130 МВт іске қосылады деп күтілуде.
Қолданыстағы электр стансаларын реконструкциялау және кеңейту есебінен қосымша 5,6 ГВт іске қосу қамтамасыз етілетін болады, оның ішінде 2024 жылы Министрлік энергия өндіруші ұйымдармен жалпы қуаты 1,4 ГВт болатын 13 инвестициялық келісім жасасты. Мұндай жобалар қатарында Ақсу ГРЭС-тегі қуаты 325 МВт №7 блоктың құрылысы, Қарағанды ЖЭО-3-те қазандық агрегатының құрылысы мен турбинаны ауыстыру және «Karabatan Utility Solution» ЖШС-нің бу-газ қондырғысын 310 МВт-тан 620 МВт-қа дейін кеңейту ісі бар.
Шекті тарифтерді түзету және энергия блоктарын жөндеу
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Энергетика министрлігі берілген өтінімдерге сәйкес 49 энергия өндіруші ұйымның 24-і үшін электр энергиясының шекті тарифтерін өзгертті.
Жүйелік оператордың жөндеу кестесіне сәйкес электр стансаларында 2024 жылы 10 энергия блокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Қазіргі сәтте 9 энергия блокта, 53 қазандықта және 40 турбинада жөндеу жұмысы аяқталды. 1 энергия блокта, 2 қазандықта және 5 турбинада жөндеу жұмысының соңғы кезеңі жүргізілуде.
ӨЭК электр желілерінде 20,7 км электр беру желілері, 422 қосалқы станса және 4 мың трансформаторлық қосалқы станса жөнделді.
Жылумен жабдықтау желілерінде биылға жоспарланған 542 км-ді жөндеу және реконструкциялау толық көлемде орындалды. Уақытылы жүргізілген жұмыстың арқасында жылыту кезеңін тұтастай жұмыла бастауға және оны ірі технологиялық бұзушылықтарсыз жүзеге асыруға мүмкіндік туды.
Көмірсутектер саласында жасалған келісімшарттар және олардағы қазақстандық қамту үлесі
Қазіргі уақытта көмірсутектер бойынша 315 келісімшарт жасалды, оның ішінде:
9 – өнімді бөлу туралы келісімдер (ӨБК);
122 – өндіруге;
173 – барлау мен өндіруге;
11 – барлау үшін.
2024 жылдың 9 айында көмірсутек секторы саласына инвестициялар 2,8 трлн теңгені құрады, оның ішінде: барлау шығындары — 125,9 млрд теңге, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына аударымдар (ӨӘЭД) — 46,5 млрд теңге, оқыту шығындары — 12,483 млрд теңге, ҒЗТКЖ шығындары — 7,03 млрд теңге.
Энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының ТЖҚ (тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін) сатып алуларының жалпы көлемі 9 айда 4,3 трлн теңгені құрады, оның ішінде қазақстандық өнім берушілердің елішілік құндылық (ЕҚ) үлесі 61,4%-ды құрады, бұл 2,7 трлн теңгеге балама:
783,5 млрд теңгеге тауарлар сатып алынды, ЕҚ үлесі – 36,5%, бұл 285,7 млрд теңгені құрайды;
жұмыстар 1,6 трлн теңгеге орындалды, ЕҚ үлесі – 79,6%, бұл 1,3 трлн теңгені құрайды;
1,9 трлн теңгеге қызмет көрсетілді, ЕҚ үлесі – 56,3 %, бұл 1,1 трлн теңгені құрайды.
2024 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушы компаниялары қызметкерлерінің жалпы штат саны 81 191 адамды құрады, оның 80 033-і Қазақстан Республикасының азаматы саналады (98,57 %).
ЖЭК дамыту
Бүгінгі таңда белгіленген қуаты 2 903,7 МВт болатын 148 ЖЭК нысаны (100 кВт-тан жоғары) іске қосылды. Атап айтқанда:
– қуаты – 1 409,55 МВт жел электр стансаларының 59 нысаны;
– қуаты – 1 222,61 МВт күн электр стансаларының 46 нысаны;
– қуаты 269,785 МВт болатын су электр стансаларының 40 нысаны;
– қуаты 1,77 МВт болатын биогаз электр стансаларының 3 нысаны жұмыс істейді.
Өткізілген аукциондық сауда-саттықтың және «ЖЭК қолдау бойынша есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-мен жасалған шарттардың қорытындысы бойынша тартылған инвестиция көлемі шамамен 720 млрд теңгені құрайтын, жиынтық қуаты 1 682,4 МВт болатын 66 ЖЭК жобасын:
- қуаты 311,11 МВт болатын 34 су электр стансаларының 34 нысаны:
- қуаты 1 110 МВт жел электр стансаларының 20 нысаны;
- күн электр стансаларының 9 нысаны 250 МВТ;
- қуаты 11,35 МВт биогаз электр стансаларының 3 нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр.
АЭС
Атом генерациясын құру жоспарларын іске асыру және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу міндеті тұрғысында 2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізілді, онда азаматтардың көпшілігі АЭС салу идеясын қолдады. Қазіргі уақытта Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылының маңында 2-ден 2,8 ГВт-қа дейінгі атом электр стансасының құрылысы қаралуда, сондай-ақ ядролық технологияның әлеуетті жеткізушілерімен келіссөздер жүргізілуде, ведомствоаралық комиссия құрылды, ол барлық вендорлардың ұсыныстарын бәсекелестік негізде қарайды. Жаңартылатын, баламалы энергия көздерін және газ генерациясын енгізу электр энергиясын тұтыну көлеміндегі көмір генерациясының үлесін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Осылайша, 2035 жылға қарай көміртекті офсетке жылына 44 млн тонна СО2 деңгейіне қол жеткізу жоспарлануда.
Энергия көздері штаттық режимде жұмыс істеп тұр, жылыту маусымы тұрақты. Іске асырылып жатқан жобалар бастапқы ресурстармен жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.