Бүгінде Қазақстанда 2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген барлық дәрілік заттар міндетті таңбалауға жатады. Жаңа қадағалау тетігі дәрінің зауыттан бастап дәріханада сатылуына дейінгі бүкіл жолын қамтиды. Бұл жүйенің іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін түсіндіреміз,- деп хабарлайды turkistan.today
Таңбалау қандай ақпаратты қамтиды?
2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген барлық дәрілік заттарда бірегей Data Matrix коды болуы тиіс. Енді әрбір сатып алушы «Naqty Onim» қосымшасы арқылы осы бірегей кодты бірнеше секундта сканерлеп, дәрінің түпнұсқалығы мен заңдылығына көз жеткізе алады. Таңбалау дәрі-дәрмек туралы толық ақпаратты қамтиды: атауы, саны, дозасы, өндірушісі және қозғалыс жолы.
Цифрлық таңбалау дәрілік заттар айналымының ашықтығын қамтамасыз етіп, жалған өнімдермен күресуге және азаматтардың денсаулығына төнетін қауіптерді азайтуға ықпал етеді.
Дәрілерді кім таңбалауы керек?
Өндірушілер, импорттаушылар, дистрибьюторлар, дәріханалар мен медициналық ұйымдар – дәрілік заттар айналымына қатысушылардың барлығы Тanba тауарларды таңбалау мен қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) жүйесінде тіркелуі тиіс.
Тіркелгеннен кейін оларға жеке кабинет ашылады, онда таңбалау кодтарымен жұмыс жүргізіліп, препаратардың барлық кезеңдегі қозғалысы көрсетіледі.
Бұл ретте, «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін беру және түзету қағидалары» туралы бұйрыққа сәйкес, шетелдік өндірушілер де отандық компаниялармен тең дәрежеде таңбалау жүйесінде өз бетінше жұмыс істей алады. Бұдан бөлек, шетелдік компания үшін бірегей кодтарды қазақстандық импорттаушы да тапсырыспен ала алады.
Таңбалау және қадағалау жүйесі қалай жұмыс істейді?
Дәрілік заттарды айналымға енгізбестен бұрын өндіруші Бірыңғай оператордан бірегей Data Matrix кодтарын тапсырыспен алып, оларды қаптамаға жапсырады. Осылайша дәрілер туралы ақпарат таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесіне түседі.
Дәрілік заттардың айналымындағы екінші буын – импорттаушылар мен дистрибьюторлар болып табылады. Бұл кезеңде айналымның қатысушылары алдын ала таңбаланған препараттарды алады. Егер код оқылмаса немесе жүйеде тіркелмесе, мұндай препаратты сатуға немесе пайдалануға рұқсат етілмейді.
Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау тізбегінің соңғы кезеңінде дәріханалар мен медициналық ұйымдар тұр.
Препараттарды соңғы тұтынушыға – сатып алушыға немесе пациентке дәл осы жерде беріледі. Әрбір кезең Бірыңғай оператор жүйесінде есептілікпен бірге жүреді.
Дәріханалар мен медициналық ұйымдар пайдаланатын жүйелер тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесімен біріктірілген. Препаратты сатқаннан немесе пациентке бергеннен кейінгі ақпарат Бірыңғай оператор жүйесіне жіберіліп, дәрілік зат айналымнан шығарылады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.