Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығын әртараптандыру, су үнемдеу технологиялары мен жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану жұмысы қарқынды жүруде. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қадағалауымен ауыл шаруашылығын дамыту жұмыстары жандана түскен,- деп хабарлайды turkistan.today
Өңір экономикасының маңызды саласы ауыл шаруашылығында өнім көлемі 1006,1 млрд. теңгені құрап, өсім 104,5% деңгейінде қалыптасты. Өндірілген өнім бойынша Түркістан облысы республикада бірінші орында тұр.
Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында биыл 385 жұмыс орнымен 45 жобаны іске асыру жоспарланған. Жыл басынан бері 34 жоба іске қосылып, 263 жұмыс орны құрылды.
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 870 мың гектарға егілді. Бүгінгі таңда 1,1 млн. тонна дәнді дақылдар жиналды. Жыл басынан 3,3 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп және 561,4 мың тонна ет, сүт өнімдері өндірілді. Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруда рентабельді дақылдарға өту жұмыстары жүргізілуде. Суды көп тұтынатын дақылдар алқабы 10 мың га қысқарды.
Облыста 2030 жылға қарай су үнемдеу технологиясын 216,3 мың га енгізу қарастырылған. Оның ішінде, биылға 22 мың га жоспарланса, 11 айда 50 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілді. Су үнемдеу технологияларының қол жетімділігін арттыру бағыттында 3 жергілікті кәсіпорын ашылды. Осы кәсіпорындар есебінен су үнемдеу технологияларымен облыс және көршілес өңірлер толық қамтамасыз етіледі.
Облыста су нысандарын салу, қалпына келтіру жұмыстары жеделдету үшін «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің жұмысы жандана түсті. Ол мекемеге өз табысы есебінен 60 арнайы техника сатып алынды. Нәтижесінде қосымша 5 млрд. теңгеге бағаланатын жұмыстарды өз есебінен атқарып, экономикалық тиімділігін 2 есе көтерді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.