Депутат Дәулет Мұқаев: “Дені дұрыс дәрігер бар ма деп іздейміз”

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 23 маусым, 2023

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев бүгінгі таңдағы медицина саласындағы тест сұрақтарының олқылықтарын сынға алды. Медицина саласындағы оқулықтардың дені орысшадан тікелей аудара салғандығын айтып, министрге сауал жолдады, деп хабарлайды Turkistan Today.


“Жалпы сұрағымды Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ханымға жолдағым келген. Ол кетіп қалды. Мен бұл туралы әлеуметтік желіде де көтергенмін. Бұл жылда болатын наразылық. “Алты айлық бала дәрігерге шағым түсіреді”  деген сұрақ жүреді. Алты айлық бала қалай шағымданады? Балаларға білімді дұрыс бермейміз, сосын бізге қойылатын диагноз да сондай болады. Оқулықтардың барлығы орысшадан қазақшаға аударылады. Оларға келетін тесттерінің де мән-мағынасы жоқ сұрақтар.
Мен осы мәселені Ажар ханымға айтып, шет-жағасын бастаған кезде тест орталығынан ресми түрде хаттар келеді. “Бәрі күшті, бәрі дұрыс. Білім министрлігі бізбен жұмыс жасады”, дейді. Ал оларға хабарлассам, “медицина бізге мүлдем қатысы жоқ”, деп, бәрі бір-біріне сілтейді. Орысша жауап береді.
Әрине, балалар патриот болып, қазақ тілінде білім алғысы келеді. Бірақ оқулықтар да дұрыс емес, қойылып жатқан сұрақтар да дұрыс емес. Бұл-бір. Одан кейін, сіздердің қойып жатқан статистикаларыңыздың бәрі өтірік. Сіздер күшті қылып көрсетесіздер. Жай ғана жалақының өзін, дәрігерлердің жалақысы 454 мың деп көрсетесіздер. Мен әлеуметтік желіге салғанда, мұндай ақшаны алмайтынын айтады. Тек ұйықтамай күні-түні жұмыс істегенде ғана ондай ақша аламыз, дейді. Сіздер өздеріңіз дәрігерлерден, студенттерден опрос жасап көрдіңіздер ме? Оған жоқ деп жауап бересіздер.
Методиканы шетелден, Сингапур, АҚШ, Германиядан аламыз дейсіздер. Олардың минималды жалақылары 1,5 млн теңге. Халықтан ақша жинаған кезде біз сөйтеміз, ал халыққа ақша беретін кезде өтірік статистика жасаймыз”,- деді депутат.


Сондай-ақ ол “жақында ғана өз басымнан өтті. Әкеме үш диагноз қойылды. Семей бір диагноз, Астанада екі диагноз. Бізге жан керек. Денсаулық керек. Ертең бізде сол оқып жатқан дәрігерлердің алдына барамыз. Бірақ қай бетімізбен барамыз деген сұрақ неге туындамайды. Өзім телевизия саласында жұмыс істедім. Орысшадан қазақшаға аударып жұмыс істедік. Бірақ мынадай қателікті көрген жоқпын ешқашан. Мына қазіргі керемет көрсеткен статистика өтірік. Отыз жыл бойы өтірік есеп, статискамен көрсетіп келдік”,-деді Дәулет Мұқаев. 


Ашуға булыққан депутат аудармашы тапшы болса сол аудармаға өзін қосуын сұрады. Тегін халықпен бірге жұмыс жасауға мүмкіндік беруін айтты. Алайда ұлттық тестілеудің сұрақтарымен арнайы ассосация жұмыс істейді екен.

1.6k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.