Серіктестер

«NURORDA» мектеп-лицейі: Оқушылар 8 миллиард теңгеден астам грант иеленді

Жаңалықтар Бүгін, 15:07

«NURORDA» мектеп-лицейінің оқушылары 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша әлемнің беделді жоғары оқу орындарынан 300-ден астам қабылдау ұсынысын алып, жалпы сомасы 8 миллиард теңгеден (16 000 000 АҚШ долларынан) асатын білім гранттарына ие болды,— деп хабарлайды turkistan.today

Атап айтқанда, мектеп түлектері АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Швейцария, Германия, Франция, Австралия, Қытай, Гонконг, Люксембург, Португалия, Чехия және Біріккен Араб Әмірліктерінің жетекші университеттерінен қабылдау ұсыныстарын алған.

Оқушылардың жеке жетістіктеріне тоқталатын болсақ:

• Айлара Беркинбаева 42 қабылдау ұсынысын иеленіп, жалпы сомасы 1 миллиард 400 миллион теңге (2,8 млн АҚШ доллары) көлеміндегі грантқа қол жеткізді;

• Амир Жанибек 36 қабылдау ұсынысын алып, 1 миллиард 500 миллион теңгеден (3 млн АҚШ долларынан) астам грант иегері атанды;

• Нурали Дженалаев 35 қабылдау ұсынысын иеленіп, 1 миллиард 250 миллион теңге (2,5 млн АҚШ доллары) көлеміндегі грантқа ие болды;

• Сардар Шерали 31 қабылдау ұсынысын алып, 1 миллиард 50 миллион теңге (2,1 млн АҚШ доллары) көлеміндегі грантқа қол жеткізді.

• Айзере Азбергенова 20 қабылдау ұсынысын иеленіп, 750 миллион теңге (1,5 млн АҚШ доллары) көлеміндегі грантқа ие болды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.