Депутат: “Түркістан облысын ауыз сумен қамтамасыз етуіміз керек”

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 24 ақпан, 2024

Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков Түркістан облысындағы елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін көтерді,- деп хабарлайды turkistan.today.

“Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Қарабала ауылы еліміздегі ең үлкен ауылдық округтің бірі. Қазіргі таңда 60-мыңнан астам тұрғыны бар”,- деді депутат.

Айтуынша бұл ауылда мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді екен.

“Сондай-ақ Қарабала ауылы елімізді етпен қамтамасыз етеді. Мұнда жылына 36 мың тонна ет ел аумағындағы сауда орындарына жіберілсе, 3 мың тоннадан аса ет экспортталады. Ауылдың инфрақұрылымы жылдан-жылға жаңарып келеді. Дегенмен, ауыл тұрғындарын таза ауыз суымен қамтамасыз ету мәселесі әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Бұл мәселеге қатысты жобалық сметалық құжаттар да дайын. Мемлекеттік сараптамадан да өткізілген. Ендігі жерде жобаға сәйкес жұмысты атқару үшін қазынадан 9 млрд 300 млн теңге қаражат қажет. Оған жергілікті бюджеттің шамасы жетпейді. Сондықтан ауыл халқы бар үмітін Астанадан күтіп отыр”,- деді Мәжіліс депутаты.

480

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.