Қоянбаев Канада қазақтарына КВН қойыпты

Қоянбаев Канада қазақтарына КВН қойыпты

Канададағы қазақ диаспорасымен байланысты қолдау және нығайту жөніндегі іс-шаралар сериясы аясында Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен «Қазақтар» КВН командасының тур-концерті өтуде, деп хабарлайды Turkistan Today.

Бұл тур Канаданың жеті ірі қаласын атап айтқанда Торонто, Оттава, Монреаль, Виннипег, Ванкувер, Эдмонтон және Калгари қалаларын қамтыды. Аталған бастама мәдени байланыстарды нығайтуға, отандастарды біріктіруге және Канададағы қазақ мәдениетін кеңінен насихаттауға бағытталған.

Осы жылы ҚР Канададағы Елшілігі «Отандастар Қорымен» бірқатар маңызды мәдени іс-шараларды өткізуді жоспарлауда. Халықтық дипломатия шеңберіндегі мұндай іс-шаралар қазақстандық диаспора арасындағы мәдени байланыстарды қолдауға және дамытуға бағытталған және Қазақстан мен Канада арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және кеңейтуге ықпал етеді.​

Бүгінгі таңда бейресми мәліметтерге сәйкес, Канададағы отандастарымыздың саны 10 мың адамнан асады. Елде отандастарымызды қолдау бойынша бірнеше ірі ұйымдар жұмыс істейді. Мұндай ұйымдардың мысалдары Торонто қ. «Association of Kazakhstanies», Монреаль қ. «Kazakh Association Dostar» және Калгари қ. «Alberta Qazaq Association».

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0