Ғылыми және мемлекеттік басқару саласында тәжірибесі бар Алтынбек Нухұлы Марғұлан университетінің Басқарма Төрағасы – ректоры қызметіне кірісті. Жаңа басшыны оқу орнының ұжымына ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова таныстырды. Бұл туралы Turkistan.today хабарлайды.
Марғұлан университетінің басқару құрылымында өзгеріс болды. Оқу орнының жаңа Басқарма Төрағасы – ректоры ретінде химия ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Алтынбек Нухұлы таныстырылды.
Жаңа ректордың кәсіби жолы ғылыммен ғана емес, жоғары білім және мемлекеттік басқару салаларымен де байланысты. Алтынбек Нухұлы ҚР Парламенті Сенатының үш шақырылымында депутат болып, мемлекеттік деңгейде қызмет атқарған.
Университеттің жаңа кезеңдегі жұмысында білім сапасын арттыруға бағытталған бірнеше міндетке басымдық берілмек. Соның ішінде педагог кадрларды даярлау жүйесін жаңғырту және студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру мәселесіне ерекше мән берілетін болады.
Сонымен бірге университеттің ғылыми әлеуетін күшейту, цифрлық шешімдерді кеңінен қолдану және жасанды интеллект технологияларын оқу мен ғылым саласына енгізу жоспарланып отыр.
Бұл бағыттар оқу орнының заманауи талаптарға бейімделіп, білім беру сапасы мен ғылыми жұмыстың тиімділігін арттыруына негіз болмақ.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.