Серіктестер

Мемлекет сөз бостандығын шектемейді, керісінше оны қорғайды – Аида Балаева

Жаңалықтар 17 тамыз, 2026

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сайлауалды науқан кезінде журналистер, белсенділер мен блогерлердің қызметіне қатысты бірқатар мәселеге түсінік берді,— деп хабарлайды turkistan.today

Министр журналистер мен блогерлердің заң шеңберінде өз қызметін еркін жүзеге асыруға, оның ішінде фото және бейнетүсірілім жүргізуге құқығы бар екенін атап өтті.

Балаеваның айтуынша, «Масс-медиа туралы» заңға сәйкес журналистер кәсіби қызметі барысында фото, аудио және бейнетүсірілім жүргізіп, ақпарат тарата алады. Сонымен қатар заңда адамның келісімінсіз оның бейнесін түсіруге болатын жағдайлар да қарастырылған.

Атап айтқанда, адам көпшілік іс-шараларға қатысса немесе сол жерде болса, оның бейнесі қызметтік не қоғамдық қызметіне қатысты ақпаратта пайдаланылса немесе бейнені пайдалану қоғамдық тәртіпті қорғау үшін қажет болған жағдайда келісім талап етілмейді. 

«Министрлік аккаунттарды бұғаттамайды»

Аида Балаева әлеуметтік желілерде бірқатар БАҚ, белсенділер мен блогерлердің парақшалары жаппай бұғатталып жатқаны туралы ақпаратқа да тоқталды.

Министрдің мәлімдеуінше, Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желі қолданушыларының, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистердің аккаунттарын бұғаттамайды.
 

«Мемлекет те мұндай әрекеттерге немесе сөз бен пікір еркіндігін шектеуге мүдделі емес», – деді Аида Балаева. 

Оның айтуынша, журналистер мен блогерлердің кәсіби қызметіне немесе сөз бостандығына негізсіз шектеу қойылды деген пікір туғызатын кез келген әрекет мемлекеттік органдардың беделіне де нұқсан келтіруі мүмкін.

Балаева журналистер мен блогерлерді жауапкершілікке шақырды

Министр сөз бостандығы таратылатын ақпарат үшін жауапкершілікпен қатар жүруі керек екенін атап өтті.


«Сөз бостандығы мен жауапкершілік бір-біріне қайшы ұғымдар емес», – деді ол.

Аида Балаева журналистер мен блогерлерді ақпарат таратпас бұрын дереккөздерді мұқият тексеруге, мәліметтердің анықтығына көз жеткізуге және масс-медиа, онлайн-платформалар мен сайлау туралы заңнама талаптарын сақтауға шақырды. 

Сонымен қатар министр онлайн-платформаларды заңға қайшы контентті дер кезінде анықтап, жою жөніндегі жұмысты күшейтуге шақырды. Алайда заңсыз контентпен күрес заңды пікір білдіру мен сөз бостандығын негізсіз шектеуге әкелмеуі тиіс екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.