Бүгін Метрлік конвенцияға қол қойылғанына 150 жыл толды. Метрлік конвенция – жаһандық өлшем бірлігінің бастау нүктесі болды. Оның арқасында 100-ден астам мемлекет – АҚШ-тан бастап Жапонияға дейін – бірдей эталондар мен қағидаттарды қолдана отырып, бір-бірін түсініп, әділ сауда жүргізуге мүмкіндік алды,- деп хабарлайды turkistan.today
Қазақстан аумағындағы алғашқы өлшеу құралдарының жарамдылығын анықтайтын мекеме 1923 жылы Семей қаласында Омбы тексеру палатасының бөлімшесі ретінде құрылған.
Бүгінде Қазақстанның Ұлттық эталондық базасы еліміздегі өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің негізі болып табылады және 104 мемлекеттік эталоннан тұрады. Оның 50-і – мемлекеттік эталон, ал 54-і – мемлекеттік жұмыс эталоны. Бұл эталондар ұзындық, масса, температура, қысым, электрлік және магниттік шамалар, сондай-ақ физика-химиялық параметрлер сияқты кең өлшем ауқымын қамтиды.
Метрология – бұл абстрактылы ғылым емес, күнделікті өмірде әр адам кездесетін практикалық құрал. Дәл өлшемдерсіз тауарлардың сапасын объективті бағалау, ресурстарды дұрыс есептеу, медициналық диагноз қою немесе ғылыми зерттеу жүргізу мүмкін емес.
Өлшеу жабдықтарының тіпті болмашы ауытқуларының өзі ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Мысалы, медициналық тәжірибеде жабдықтарды уақтылы тексермеу тексеру нәтижелерінің бұрмалануына әкеліп соғады, бұл диагноз қою мен емдеу әдісін таңдауға әсер етеді. Сол сияқты, су, газ немесе электр энергиясы есептегіштерінің қате көрсеткіштері тұтынушылардың қаржылық шығындарына әкеледі.
Құрылыс және басқа да салаларда өлшемдердің дәлдігі нысандар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрайымы Жанна Есенбекованың айтуынша, қазіргі заманғы және технологиялық жағынан жетілдірілген эталондық база Қазақстанда өлшеу, сынақ және өнім сәйкестігін растау қызметіне халықаралық сенімнің қалыптасуына жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде саудадағы техникалық кедергілерді жоюға және интеграция жағдайында тауарлар мен қызметтердің еркін айналымына ықпал етеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 340-тан астамөлшеу құралдарын тексеру зертханалары жұмыс істейді, олар өлшеу құралдарының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Бұған қосымша, калибрлеу бағыты да белсенді дамып келеді. Экономика саласының әртүрлі салаларына қызмет көрсететін 70-тен астам калибрлеу зертханасы бар, бұл технологиялық процестердің дәлдігін арттыруға ықпал етеді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.