Мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесі басты назарда болуы керек

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 8 шілде, 2024

Түркістан облысының тұрғындарының назарына мүмкіндігі шектеулі жандардың еңбек етуі туралы мәліметтерді және мемлекетімізде бекітілген заң ережелерін ұсынамыз,-деп хабарлайды turkistan.today

Жұмыс берушілердің келісіміне сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс орнынан квота беріледі. Квота – жұмыс орнының санына қарай 2%-дан — 4%-ға дейінгі мөлшерде  жергілікті атқарушы органдар көмегімен беріледі. І және ІІ топтағы мүгедектерге квота берілмейді. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға ІІІ топтағы мүгедектерді жұмысқа алу тиімдірек, себебі олар көп аспектіде еңбек етуге жарамды.

Осы ретте Түркістан облысында 2024 жылы «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» жүзеге асыруға 98,1 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланды. 2024 жылдың 1 шілдесіндегі жағдаймен нақты 46 135 адам жұмыспен қамтуға жолданды, оның ішінде 2 169-ы мүгедектігі бар адамдар немесе 4,7% құрайды. Тұрақты жұмыс орындарына 15 824 азаматтар жұмысқа жолданып, оның  454-і мүгедектігі бар адамдар немесе 2,9% құрады. Субсидияланатын жұмыс орындарына 23 475 азаматтар жолданып, оның 995-і мүгедектігі бар адамдар немесе 4,1 пайызын құрады.  «Бизнес-Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерге оқуға 4 274 адам оқуға жолданды. Грант 893 адамға беріліп, оның ішінде 148 адам немесе 16,6% мүгедектігі бар адамды құрады. Жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар азаматтар үшін 276 жұмыс орындарына квота белгіленіп, нақты 60 адам квота бойынша жұмысқа орналасты.

62

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.