Түркістан облысында ішкі саясат пен қоғамдық құндылықтарды дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы таныстырылды. Құжат өңірдің тарихи-мәдени мұрасын дәріптеуге, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және адал еңбек құндылықтарын насихаттауға бағытталған.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде ішкі саясат саласының басым бағыттары талқыланды. Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанар Бектаева саладағы жаңа бастамалар туралы баяндады.
Жиында азаматтық қоғам институттарымен байланысты нығайту, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді мазмұнды өткізу, этносаралық келісімді дамыту және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының сапасын арттыру мәселелері қаралды.
«Тұран төріндегі текті өлке» идеясын негізге алған тұжырымдамада өңірдің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, кітап оқу мәдениетін дамыту, адал еңбек пен тазалық құндылықтарын орнықтыру көзделген.
Сондай-ақ мәжілісте ішкі саясат саласындағы кадрлық мәселелер мен басқарма құрылымын жетілдіру қажеттігі айтылды.
Облыс әкімі жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдіктеріне ішкі саясаттағы жұмысты жүйелеуді, азаматтық қоғам өкілдерімен байланысты күшейтуді және тұжырымдамада белгіленген міндеттердің нақты орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.